Перу, Эквадор және Боливия дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесулер туралы

Перу, Эквадор және Боливия дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесулер туралы

Бразилиа, 2023 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Перу Елшісі Ромуло Фернандо Асурио Траверсо және Эквадор  Елшісі Карлос Альберто Веластегимен, сондай-ақ Боливияның Бразилиядағы Уақытша сенімді Өкілі Орасио Вильегас Пардомен кездесті.

Кездесулер барысында дипломаттар көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға, өз елдерінің іскер топтарының өзара сапарларын ұйымдастыруға өзара қызығушылықтарды атап өтті. Саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар арасында кезекті саяси консультацияларды өткізуге басты назар аударылды.

Қазақстан Елшісі тараптарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауының негізгі аспектілерімен және ел басшылығының әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды.

Сондай-ақ тараптардың қарауындағы тиісті келісімдерге қол қою арқылы мемлекеттер арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесулер қорытындысы бойынша дипломатиялық өкілдіктер деңгейінде тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.