
Бразилиа, 2023 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде саяси реформаларына арналған бразилиялық БАҚ өкілдері үшін кезекті баспасөз брифингі өтті. Брифингтің күн тәртібі Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін талқылау кірді.
Өз сөзінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов журналистерді Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы азаматтардың барлық санаттарын мемлекетті жүйелі жаңғыртуға, экономиканы қайта жаңғыртуға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға тартуды күшейтуге бағытталған негізгі қағидаларына басты назар аударылды. Осы тұрғыда Президент өзінің Жолдауында ұсынған елдің экономикалық даму жөніндегі егжей-тегжейлі есептеулер мен зерттеулерге негізделген барлық жобалары мен бастамаларының негізгі мақсаты – Тұрақты экономикалық өсуді 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, ал 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін 450 млрд. долларға (екі есеге) дейін ұлғайту болып табылатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Елші Бразилиялық журналистерді биылғы маңызды екіжақты іс-шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, екі елдің СІМ-нің бесінші саяси консультациялары, Биыл Астанада «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысы, сондай-ақ Бразилия Парламенті Сенаты делегациясының биылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары туралы. Осы жылдың тамыз айында Рио-де-Жанейрода Оңтүстік Америкадағы Тұңғыш Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылуы екі ел арасындағы мәдени диалогты нығайту ісіне маңызды үлес болды.
Антиядролық тақырыптағы брифинг барысында 1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлық шығарылғаны атап өтілді. Қазақстан Республикасы әлемдік тарихта өз аумағында өлімге әкелетін ядролық полигонды жапқан және жаппай қырып-жою қаруынан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды. Әлемдік қоғамдастықтың ҚР күш-жігерін мойындауы ретінде БҰҰ 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп жариялады, ал Орталық Азия өңірі ядролық қарудан азат кеңістікке айналды.
Іс-шара барысында Бразилия журналистер қауымдастығының Халықаралық қатынастар саласындағы Президенті Фабиана Джейхан Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай осы жылдың маусым айында Қазақстанға жасаған баспасөз турының қорытындылары туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Бразилиялық сарапшылар Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанды жаңа жағдайда саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша жүйелі қайта құруларға сенімді бағыт алғанын атап өтіп, елімізге реформаларды іске асыруда табыс тіледі. Журналистерге Мемлекет басшысының Жолдауының мәтіні португал тілінде берілді.
Брифингке қатысушыларға Елшіліктің қолдауымен Бразилияның әйгілі «TV Supren» телеарнасы дайындаған Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, фильм Елшіліктің YouTube арнасында қол жетімді (сілтеме: https://youtu.be/BI1GWXoBtxg).