
«Қазатомөнеркәсіп» қазақстандық уран өндіруші компаниясы Аргентинаның атом өнеркәсібіне қажетті 150 тонна табиғи уран концентратын жеткізуге арналған аргентиналық «Dioxitek» компаниясының халықаралық конкурсының жеңімпазы деп жарияланды. Dioxitek өз қызметін Аргентинының Энергетика министрлігі мен Атом энергиясы жөніндегі ұлттық комиссиясының (CNEA), сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (IAEA) бақылауында жүзеге асыратын ядролық материалдарды өндіру мен коммерцияландыру жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы 2017 жылы Буэнос-Айресте өткен қазақстандық-аргентиналық сімаралық консультациялар және 2018-2019 жылдары атом энергетикасы саласындағы аргентиналық үкіметтік құрылымдар басшылығымен өткізілген келіссөздер барысында аталды. 2019 жылы орын алған Қазатомөнеркәсіп өкілдерінің Аргентинаға сапары ұлттық кәсіпорындар арасында іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық компания өнімдерінің Аргентинаға жасалатын жеткізілімдері қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Оңтүстік Америка нарығына жеткізілетін қазақстандық экспорттық өнімдердің түрлерін кеңейтуге жағдай жасайды. 2018-2019 жылдары Қазатомөнеркәсіп бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» мемлекеттік компаниясының халықаралық конкурстарының жеңімпазы ретінде таңылған болатын.