Бразилиялық «WEG» компаниясы Қазақстанда өзінің қатысуын кеңейтуде

Бразилиялық «WEG» компаниясы Қазақстанда өзінің қатысуын кеңейтуде

Бразилиа, 2023 жылғы 29 тамыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилиялық «WEG» компаниясының Вице-президенті Даниэль Годиньомен кездесті.

Тараптар компанияның Қазақстандағы өндірісті оқшаулау жөніндегі инвестициялық жобасын жүзеге асырудың ағымдағы жай-күйін талқылады. Бразилия тарапы өз кезегінде компания басшылығының ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматыда «WEG» электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша техникалық хабтың ашылуына қатысу үшін Қазақстанға сапары туралы хабарлады.

Биыл Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде.