Қазақстан Республикасы Елшісінің Сан-Паулуға кезекті жұмыс сапары өтті

Қазақстан Республикасы Елшісінің Сан-Паулуға кезекті жұмыс сапары өтті

Сан-Паулу, 8 тамыз - Сан-Паулуға жұмыс сапары барысында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстанның Сан-Паулу штатындағы жаңа Құрметті консулдығының ғимаратында болды.

SP Invest инвестициялық агенттігінің басшылығымен келіссөздер барысында 24 тамызда Бразилияның іскер топтарының өкілдерімен өтетін "Қазақстан-Бразилия: Сауда және инвестициялық мүмкіндіктер" атты дөңгелек үстелінің маңызды мәселелері талқыланды.

BGI (Balms Group International) Америка бойынша директоры Вашингтон Фонсекамен кездесуде сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ инвестициялық бағыттағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері тақырыбы бойынша пікір алмасу болды.

Бразилия тарапы Қазақстан Елшісін биыл 19 қазанында ірі бразилиялық компаниялардың қатысуымен Сан-Паулуда өтетін жыл сайынғы халықаралық «BGI Law» конференциясына қатысуға шақырды.

Қазақстанның Құрметті консулы Жозе Хорасио Халфельд Рибейромен кездесуінде Елші адресатқа консулдық патенттің көшірмесін тапсырды. Ағымдағы жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың Оңтүстік Америка елдеріне сапары аясында Қазақстанның Сан-Паулу штатындағы алғашқы Құрметті консулдығының ресми ашылуы өтуде. Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.