
Гояс, 2023 жылғы 24 шілде – Бразилия Гояс штатының губернаторы Роналдо Каядоның шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Гояс штатының бірінші астанасы Гояс қаласының құрылғанына 296 жыл толуына орай ресми салтанатты рәсіміне (мемлекеттік акт), сондай-ақ Гояс күніне орай қабылдауына қатысты.
Іс-шара барысында Гояс штатымен белсенді ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Бразилияда тіркелген Австрия, Гаити, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Индонезия, Нигерия, Сирия елшілері «Анангер» құрметті орденімен марапатталды.
Анықтама үшін: «Анангер» Құрметті ордені 1975 жылғы 24 маусымдағы № 479 Жарлығымен бекітілген. Оның мақсаты азаматтық және әскери тұлғаларды, ұлттық немесе шетелдік азаматтарды Гояс штатының дамуы үшін маңызды деп танылған тиісті еңбегі, әрекеттері үшін марапаттау болып табылады.
Губернатор Роналдо Каядо шетелдік дипломаттарға жоғары марапаттарды тапсыра отырып, олардың Гояс штатымен ынтымақтастықтағы белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, осы Бразилия аймағының ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Биыл Қазақстан мен Бразилия екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтуде.
Анықтама үшін: Гояс штаты Бразилияның орталығында орналасқан. Штаттың ауданы 341,3 мың шаршы шақырым, халқы шамамен 6 миллион адам. Астанасы — Гояния (2 миллионнан астам адам). Гояс штатының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы), тау-кен өндіру, металлургия, автомобиль, химия және фармацевтика өнеркәсіптері құрайды. Негізгі экспортталатын тауарлар: соя және соя ұнтағы, ет және ет өнімдері, мыс, ферроқорытпалар, алтын, асбест, қант, мақта.