Қазақстан мен Уругвайдың Бразилиядағы Елшілерінің кездесуі

Қазақстан мен Уругвайдың Бразилиядағы Елшілерінің кездесуі

Бразилиа, 2023 жылғы 13 шілде – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Уругвай Елшісі Гильермо Валлес мырзамен кездесті.

Әңгіме барысында дипломаттар Қазақстан мен Уругвай арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, екі елдің көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылын атап өтті.

Келіссөздердің жекелеген аспектісі Монтевидео қаласындағы Қазақстан-Уругвай саяси консультацияларының бірінші раундын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың мерейтойына орай бірлескен іс-шараларды дайындау мәселелері болды. Тараптар сондай-ақ екі мемлекет арасындағы визасыз режим туралы Келісімді қабылдау мүмкіндігін талқылап, пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық өкілдіктер деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Биыл Қазақстан мен Чили екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.