Қазақстан мен Эквадордың Бразилиядағы Елшілерінің кездесуі

Қазақстан мен Эквадордың Бразилиядағы Елшілерінің кездесуі

Бразилиа, 2023 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Эквадор Елшісі Карлос Альберто Веластеги мырзамен кездесті.

Әңгіме барысында дипломаттар Қазақстан мен Эквадор арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылап, екі елдің көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылын атап өтті.

Тараптар өткен жылы екі ел арасындағы өзара сауданың айтарлықтай өскенін, сондай-ақ халықаралық алаңдарда белсенді диалогты атап өтті. Кездесу барысында жақын арада Қазақстан Республикасының Китодағы Құрметті консулдығын ашудың рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық өкілдіктер деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.