Бразилиямен мәдени ынтымақтастық нығайып келеді

Бразилиямен мәдени ынтымақтастық нығайып келеді

Бразилиа, 20 маусым 2023 жыл – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне сыпайылықпен Федералды округтің Мәдениет жөніндегі хатшысы Фелипе Рамон Моро Родригес келді.

Әңгіме барысында 2018 жылғы 23 қазандағы Астана мен Бразилия арасындағы Достық пен ынтымақтастық ниеттері туралы қол қойылған Хаттама шеңберінде екі елдің астаналары арасындағы мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар биылғы жылы нақты бірлескен жобаларға қатысты пікір алмасты.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия астанасының басшылығына осы жылдың 4-5 шілдесінде Астана қаласында Қазақстан астанасының 25 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақыруды тағы да айтты.

Биыл Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде.