
Бразилиа, 2023 жылғы 30 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның сиыр еті экспорттаушылар қауымдастығының (ABIEC) Президенті Антонио Хорхе Камарделлимен онлайн режимінде кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар нақты жобалар мысалында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Қазақстан Елшісі сұхбаттасын Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктеріне арналған Сан-Паулу қаласында өтетін алдағы екінші инвестициялық дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.
Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.
Анықтама: Бразилиялық «ABIEC» сиыр экспорттаушылар қауымдастығы 1979 жылы құрылды. Оның негізгі мақсаттары ұлттық және халықаралық деңгейде сиыр эксп экспорттау секторының мүдделерін қорғау, санитарлық талаптарды сақтау, тарифтік және тарифтік емес сауда кедергілерін төмендету процестеріне қатысу және бразилиялық сиыр эксп халықаралық нарықтарға экспорттауды ілгерілету болып табылады.