Бразилиямен академиялық ынтымақтастық дамуда

Бразилиямен академиялық ынтымақтастық дамуда

Бразилиа, 2023 жылғы 17 мамыр – Қазақстан Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилия география және тарих институтының Директоры Пауло Кастело Бранкомен кездесті.

Әңгіме барысында тарих ғылымдары, этнология, антропология, археология және тарихнама саласында екіжақты ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Қазақстан Елшісі әңгімелесушіні Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ тарих және этнология институтының қалыптасу тарихымен, миссиясымен және бүгінгі қызметімен таныстырды. Тараптар екі мекеме арасындағы бірқатар тақырыптар мен қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты одан әрі орнатуға және кеңейтуге келісті.

Соңында Болат Нүсіпов қонақты осы жылдың күзінде Бразилия астанасында жоспарланған Ілияс Есенберлиннің португал тіліндегі «Көшпенділер» трилогиясының екінші томының тұсаукесеріне қатысуға шақырды.

2023 жылы Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.