
Бразилиа, 2023 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына орай ҚР Чили Республикасындағы Құрметті консулы Андрес Ребольедоға мерейтойлық медаль салтанатты түрде табыс етілді.
Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов өзінің құттықтау сөзінде А.Ребольедоның екіжақты Қазақстан–Чили қатынастарын нығайту мен кеңейту ісіне қосқан үлесін жоғары бағалап, Құрметті консулға бірлескен экономикалық және мәдени жобаларды іске асыру барысында белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді. Өткен жылы Чилилік «ME Elecmetal» компаниясын Қазақстандағы инвестициялық қызметке тарту, сондай-ақ Сантьяго қаласында «Чили-Қазақстан» достық қоғамын құру нақты мысалдар ретінде аталды.
Сонымен қатар, биыл біздің елдеріміз дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті және тараптардың осы айтулы күнге белгілі бір жетістіктермен жақындағаны қуантады.
Соңында Елші Болат Нүсіпов Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының атынан Андрес Рибольедоны жақында «OLADE» Латын Америкасы энергетикалық ұйымының атқарушы хатшысы лауазымына тағайындалуымен тағы да құттықтап, жаңа лауазымда табыс тілей отырып, Астана көріністерімен естелік кәдесый табыс етті.
Іс-шараға Қазақстан мен Чилидің Бразилиядағы елшіліктерінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.