
Бразилиа, 2023 жылғы 26 сәуір – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі және Чилидегі қоса атқарушы Болат Нүсіпов Чилидің Бразилиядағы жаңа Eлшісі Себастиан Деполо мырзамен кездесті. Қазақстандық дипломат чилилік әріптесін жақында тағайындалуымен құттықтап, жауапты лауазымға табыс тіледі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселелері, сондай-ақ биыл Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Бразилия қаласында бірлескен іс-шаралар талқыланды.