Бразилиялық делегация Қазақстан СІМ-не барды

Бразилиялық делегация Қазақстан СІМ-не барды

Астана, 2023 жылғы 11 сәуір – Бразилия экономикалық делегациясының Астанаға сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының Вице-президенті Жилберто Порсело Петримен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі аспектілерін талқылады және өткен жылы өзара сауда мен іскерлік белсенділіктің айтарлықтай өскенін атап өтті. Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға бразилиялық компанияларды көбірек тарту арқылы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге серпін беру кездесудің маңызды басымдығы болды. Тараптар биылғы жылы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өзара құттықтаулармен алмасты.

Бразилия делегациясының келуін құптай отырып, Алмас Айдаров ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары және әлеуетті инвесторларды қолдаудың жаңа құралдары туралы айтып берді. Бразилиямен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын ескере отырып, қазақстандық дипломат Бразилия делегациясының Астанаға сапары екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектріне қосымша серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, Жилберто Петри қазақстандық тарапқа жылы лебіз және мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіріп, Бразилияның Қазақстанмен екіжақты экономикалық өзара іс-қимылының әлеуетін жоғары бағалады, сондай-ақ екі елдің өзара тиімді әріптестігін одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады. Сондай-ақ, А.Айдаровты Қазақстан астанасында ү.ж. 13 сәуірде өтетін Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясы (CNI) мен «QazIndustry» ҰК АҚ тең төрағалығымен өтетін «Қазақстан – Бразилия» Іскерлік комитетінің екінші отырысының  бағдарламасымен таныстырды.

Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Анықтама: «ҚР – Бразилия» Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы 2021 жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың қатысуымен Бразилия астанасында өтті. Қазақстан мен Бразилияның екіжақты тауар айналымы 2022 жылы екі есеге ұлғайып, 364,4 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 84,7 млн АҚШ доллары, импорт-279,4 млн АҚШ доллары). Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өзара сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 333% - ға өсіп, 58,9 млн. АҚШ долларына жетті (қазақстандық экспорт – 28,8 млн.доллар, Бразилиядан импорт – 30,2 млн. доллар).