
Бразилиа, 2023 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Елшілігіне сыпайылықпен Бразилия астаналық федералды округінің халықаралық мәселелер жөніндегі хатшысы Пако Бритто келіп, Елші Болат Нүсіповпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, сондай-ақ 2019 жылғы қазанда Бразилия делегациясының Қалалық Туризм жөніндегі Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) VIII жаһандық саммитіне қатысуы барысында қол қойылған екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде биылғы жылы Мәдени іс-шаралар өткізу жоспарларын талқылады.
Әңгіме барысында Бразилиялық тарап Қазақстан астанасы мысалында урбанизация және «ақылды қала» технологияларын енгізу бойынша Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады және осы тақырып бойынша тәжірибе алмасу және Қазақстанның халықаралық іс-шараларына қатысу мүмкіндігін сұрады.
Өз кезегінде Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Қазақстандағы жаңа диалог алаңы – 2023 жылғы 8-9 маусымда елордада өтетін Астана халықаралық форумының (АХФ) іске қосылуы туралы қонақтарды хабардар етті. Сонымен қатар, Форум төрт негізгі мәселеге: сыртқы саясат, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық, энергетика мен климат, сондай-ақ әлемдік экономика мен қаржыға арналатыны атап өтілді.