
Бразилиа, 2023 жылғы 1 ақпан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Сиыр еті экспорттаушылар қауымдастығының (ABIEC) Президенті Антонио Хорхе Камарделли бастаған делегациясын қабылдады.
Әңгімелесу барысында қонақтар Бразилия нарығында кең сұранысқа ие Қазақстанның шикізаттық емес экспортының мүмкіндіктерімен, сондай-ақ елдегі қолайлы инвестициялық ахуалмен танысты. Тараптар Қазақстанға бразилиялық сиыр етін тікелей жеткізу және оны өңдейтін Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылады. Елші қауымдастық басшылығын ағымдағы жылдың сәуір айында Астанада өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің екінші отырысына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Қауымдастық басшысы ынтымақтастықтың бар әлеуетін және Қазақстанның бразилиялық өнімдердің ірі нарықтарға шығуы үшін ең маңызды хаб ретінде стратегиялық орналасуын жоғары бағалады.
Анықтама: Бразилиялық «ABIEC» сиыр экспорттаушылар қауымдастығы 1979 жылы құрылды. Оның негізгі мақсаттары ұлттық және халықаралық деңгейде сиыр эксп экспорттау секторының мүдделерін қорғау, санитарлық талаптарды сақтау, тарифтік және тарифтік емес сауда кедергілерін төмендету процестеріне қатысу және бразилиялық сиыр эксп халықаралық нарықтарға экспорттауды ілгерілету болып табылады.