Бразилиядағы журналистер мен сарапшылар үшін брифинг

Бразилиядағы журналистер мен сарапшылар үшін брифинг

Бразилия, 2023 жылғы 31 қаңтар – Қазақстан Елшілігінде «Қазақстан-Бразилия» достық форумы президиумы мүшелерінің қатысуымен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған 2023 жылғы бірінші брифинг өтті.

Отырыстың күн тәртібіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы мен «Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсыға» Қазір және мәңгілік» президенттік сайлауалды бағдарламасы аясындағы бірқатар саяси реформаларды талқылау, ү.ж. 19 наурызында өтетін Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы депутаттарының кезектен тыс сайлау, сондай-ақ 2023 жылға арналған Қазақстан-Бразилия бірлескен іс-шараларының жоспары енгізілді.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде мемлекет пен қоғамды жүйелі жаңғырту бойынша Қазақстандағы саяси реформалардың негізгі бағыттарын жариялады, сондай-ақ журналистерге кезектен тыс парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, өткен жылы Қазақстанда болған бірқатар маңызды саяси оқиғалар атап өтілді, атап айтқанда конституциялық реформа бойынша республикалық референдум, сондай-ақ биылғы Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау. Осыған байланысты елдің бүкіл саяси жүйесін қайта жүктеуге арналған жаңа сайлау циклінің басталуына Елші журналистер мен сарапшылардың назарын аударды.

Брифинг барысында сондай-ақ биылғы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын мерекелеу аясында Елшіліктің жоспарлары жарияланды. Сонымен қатар, Достық форумы екі ел арасындағы диалог алаңы ретінде екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге сенімді негіз және үлкен көмек болып табылатыны атап өтілді.

Өз кезегінде бразилиялық журналистер мен сарапшылар Қазақстанның жаңа саяси бағдарламасына жоғары қызығушылық танытып, реформаларды жүзеге асыруда және алдағы парламент сайлауын өткізуде сәттілік тіледі. Жиын соңында талқыланған тақырыптар бойынша белсенді пікірталас өтті.