Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі

Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі

Қазақстанның Жоғарғы cотының сайтында мерзімді түрде жаңартылып отыратын Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі» атты сот жүйесі туралы ақпараттар жинағы жарияланды.

Жоғарғы cоттың Төрағасы Жақып Асановтың айтуынша, бұл жинақ «сот төрелігінің сапасы туралы өткір және жүйелі сұрақтарға жауап береді. Оның негізінде сот жүйесін ашық ету қағидаты бар».

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында сот жүйесінің толыққанды құқықтық негізі жасалды. 2015 жылдан бастап сот жүйесінде түрлі реформалар жүргізілді. Атап айтқанда, сот жүйесіне қойылатын талаптар және сот актілерінің сапасы күшейтіліп, инвестициялық сот ісін жүргізу құрылды. 2018 жылы сот жүйесінің негізгі қағидаттарын анықтайтын «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы іске қосылды.

Жинақпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады http://sud.gov.kz/rus/node/274032.