Қазақстан Елшісі «BID Brazil - 2022» көрмесіне қатысты

Қазақстан Елшісі «BID Brazil - 2022» көрмесіне қатысты

Бразилиа, 2022 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов «BID Brazil» қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы халықаралық көрмеге қатысып, бразилиялық «Embraer» компаниясының Вице-президенті Жозе Серрадомен кездесті.

Әңгімелесу барысында инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Елші компания басшылығына 2023 жылғы 7-10 маусымда Астана қаласында өтетін VI халықаралық «KADEX 2023» көрмесіне қайта шақырды.

«BID Brazil» көрмесі елдегі қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. «Apex-Brasil» қолдауымен Бразилияның қорғаныс және қауіпсіздік материалдарын өндіруші «ABIMDE» қауымдастығымен өткізілетін бұл көрме нарықтағы ең ірі ойыншыларды біріктіріп, негізгі байланыс платформасы болып табылады.