
Буэнос-Айрес, 2019 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстанның Бразилиядағы және Аргентинадағы қоса атқарушы елшісі Қайрат Саржанов Аргентина Президенті Альберто Фернандесті ұлықтауға арналған салтанатты шараға қатысты.
«Casa Rosada» президенттік сарайында өткен Аргентинада аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларын қарсы алу рәсімі аясында қазақстандық дипломат Аргентина мемлекетінің басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жұмысында және барлық бастамаларын сәттілік, Аргентина халқына бақыт пен гүлденуді тілектерін қамтитын құттықтау хатын табыс етті.
Альберто Фернандес Қазақстан Республикасының Президентіне жылы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, оған және қазақстандық халыққа амандық пен өркендеу тіледі.