Қазақстан елшісі бразилиялық журналистері мен сарапшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын түсіндіру мақсатында брифинг өткізді

Қазақстан елшісі бразилиялық журналистері мен сарапшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын түсіндіру мақсатында брифинг өткізді

Бразилиа, 31 қазан 2019 ж. - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов жергілікті БАҚ және сараптамалық қоғам өкілдеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында брифинг өткізді.

Дипломат Қазақстан Басшысының жолдауында белгіленген басым міндеттермен таныстырды, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, инклюзивті экономиканы дамытуға және әлеуметтік қауіпсіздікті модернизациялауға ерекше назар аударды. Қазақстан Президентінің португал тіліндегі жолдауы мәтіні журналистер мен сарапшыларға ұсынылды. Сонымен қатар, Қайрат Саржанов ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инвестициялық мүмкіндіктер, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, қазақстандық тауарлардың экспорттық әлеуеті, еліміздің транзиттік-логистикалық мүмкіндіктері және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы ақпарат берді. Елші осы жылдың 16 қазанында Қазақстандағы МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкіне бірінші отын партиясын тапсыру рәсімі туралы айтып, еліміздің халықаралық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Жергілікті БАҚ өкілдері мен сарапшылар Бразилиядағы зейнетақы реформасы тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ҚР-дағы зейнетақы реформасына, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне, ауылшаруашық, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және туризм саласындағы Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын дамыту перспективаларына қызығушылық танытты.

Брифингтен кейін қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.