Бразилияда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздігінің 28 жылдығы атап өтілді

Бразилияда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздігінің 28 жылдығы атап өтілді

Бразилиа, 2019 жылдың 29 қарашасы – Бразилияның астанасындағы «Royal Tulip Alvorada» беделді қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні пен Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Оңтүстік Американың осы еліндегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шараға Бразилия Ұлттық Конгрессінің, мемлекеттік органдарының өкілдері, «Embraer», «Vale» және «Taurus» секілді жетекші компанияларының басшылары, сондай-ақ елде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, академиялық мекемелердің сарапшылары мен жергілікті журналистер қатысты.

Қазақстанның елшісі Қайрат Саржанов өзінің құттықтау сөзінде биылғы жылы болып жатқан саяси өзгерістердің, атап айтқанда наурыз айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігінің тоқтатылуы мен алғашқы рет бразилиялық сенаторлар халықаралық байқаушылар ретінде қатысқан маусым айында өткен президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы болып сайлануының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және Латын Америкасы елдерімен өзара әрекеттестікке үлкен маңыз берілетін көпвекторлы сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыруға негізделген 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу туралы елдің стратегиялық мақсатының өзгермейтіндігін баса айтып, осы жылы қаңтар мен қыркүйек айлары арасында 255 млн. долларды құраған биылғы елдеріміз арасындағы тауар айналымы өткен жыл нәтижелерінен 3 есе артық болған экономикалық өзара іс-қимылдың көрсеткіштерін қоса алғанда Қазақстан мен Бразилия арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықтың үдемелі дамуына тоқталды.

Өз кезегінде Бразилия СІМ-і Ресей және Орталық Азия департаментінің директоры, Елші Ари Квинтелла қазақстандықтарды мемлекеттік мерекелерімен құттықтап, олардың тарихи маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерді, еліміздің халықаралық беделінің өсуі мен даму, жақындасу және бейбітшілік идеяларын ұстанатын халықаралық қоғамдастықтың маңызды қатысушысы ретіндегі рөлінің нығаюын жоғары бағалап, Қазақстанда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің өткізілуін және алда келе жатқан ДСҰ министрлер кездесуін атап өтті. Ари Квинтелла Бразилия үкіметінің серіктестікті ілгерілетуге мүдделі екенін мәлімдеп, екі ел халықтарының мүдделері үшін ынтымақтастықты тереңдету мақсатында бұдан кейін де барлық күш-жігер жұмсалатынына сенім білдірді.

Қабылдау барысында қонақтарға фотокөрме және Қазақстанның табиғи және архитектуралық көрікті жерлерін көрсететін бейнероликтер ұсынылды. Қазақ, португал және ағылшын тілдерінде ән айтқан қазақстандық әнші, түрлі музыкалық байқаулардың лауреаты Карина Каренинаның өнері іс-шараға ерекше колорит берді. ERG компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын жергілікті Bahia Mineraçao компаниясы концерттік бағдарламаның демеушісі болды. Қонак үйдің салтанатты залының кіреберісінде португал тіліндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы мен Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, сондай-ақ екі елдің қиылысқан тулары нысанындағы төсбелгілерді қоса алғанда басқа да ақпараттық және имидждік материалдар қойылды.