
Бразилиа, 2022 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Бернардес Мартинспен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі елдің мәдени сан алуандығы туралы ақпарат алмасып, 2023 жылы Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында бірлескен жобаларды іске асыру арқылы мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.