
Бразилиа, 2022 жылғы 5 шілде – Қазақстан Елшілігінде «Қазақстан – Бразилия» Достық форумының білім, мәдениет және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық бірлестіктің бірінші жиналысы өтті.
Жиналыс барысында Қоғамның Жарғысы бекітіліп, Басқарма мен қамқоршылық кеңестің құрамы сайланды. «Қазақстан – Бразилия» Достық форумының Президенті болып Бразилия Ұлттық конгресінің экс-Сенаторы Улиссис Ридель, Вице-президенті – «Қазақстан-Бразилия» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Кассиано Перейра Виано, Атқарушы директоры – Бразилиялық ғалым, лингвист – Эдельсио Америко сайланды. Қамқоршылық кеңестің құрамына Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Бразилияның Қазақстандағы Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбоза, Қазақстанның Рио-де-Жанейро қаласындағы Құрметті Консулы Алойзио Мария Тейшейра Филью және Санта Катарина штатындағы Альтамир Осни Тейшейра, сондай-ақ Бразилияның қоғамдық-саяси, мәдени және медиа топтарының өкілдері кірді.
Өз сөзінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан-Бразилия сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарының жетістіктері туралы айтып, Елшіліктің «Қазақстан-Бразилия» Достық форумы түрінде қомақты қолдау пайда болғанын атап өтті. Достық форумы бразилиялық аудиторияға Қазақстанның тарихымен, дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға мүмкіндік, сондай-ақ жаңа мәдени жаңалықтар, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектріне серпін береді. сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру арқылы Бразилияның Қазақстанда кеңінен танылуына ықпал ететін болады.
Өз кезегінде Форум Президенті Улиссис Ридель құрылған достық қоғамының әлеуетін жоғары бағалап, бұл Қазақстанның оңтүстік Америка өңірінде танымал болуына және мәдени-гуманитарлық және білім беру байланыстарын дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, Президент Улиссис Ридель Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты қатысушысы болуға қуанышты екенін және осы жылдың 14-15 қыркүйегінде Қазақстанға кезекті рет келгеніне қуанышты екенін атап өтті.
Форумның атқарушы директоры – Бразилиялық лингвист ғалым, Профессор Эдельсио Америко жиналғандарды достық қоғамының құрылуымен құттықтап, оның қызметінде Қазақстан мен Бразилияның тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілдік және елдік ерекшеліктерін танымал етудің басымдылығын атап өтті. Оның пікірінше, форум миссиясының маңызды бағыты академиялық, ғылыми және жастар алмасуды кеңейту, сондай-ақ өзара концерттер мен көрмелер ұйымдастыру болуы тиіс. Осы тұрғыда Э.Америко Рио-де-Жанейродағы Флуминенсе Университеті жанындағы Қазақ тілі мен Қазақстанды оқыту курстарының практикалық маңыздылығын атап өтіп, ол осы жылдың тамыз айында онлайн форматта ашылады.