Бразилияның ірі қаласымен ынтымақтастық кеңеюде

Бразилияның ірі қаласымен ынтымақтастық кеңеюде

Рио-де-Жанейро, 2022 жылғы 24 маусым – жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Рио-де-Жанейро қаласы мэрінің орынбасары Нилтон Калдейрамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Болат Нүсіпов Қазақстанның қазіргі дамуы, елдегі мультимәдени әртүрлілік және оның экономикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Тараптар экономика, сауда, білім және мәдениет саласындағы өңіраралық кооперацияның басым бағыттарын, атап айтқанда, Рио-де-Жанейро қаласы мен Алматы қаласы арасындағы бауырластық орнату және бірлескен мәдени-имидждік іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Өз кезегінде Нилтон Калдейра қаланың тарихи, білім беру және мәдени құндылығын атап өтіп, Қазақстанмен одан әрі кең ауқымды өңірлік өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді. Сұхбаттасушы Рио-де-Жанейро қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының болуын құптады, бұл туристік және академиялық алмасу саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға мүмкіндік береді.