Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Рио-де-Жанейро, 2022 жылғы 24 маусым – Бразилияда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті: Бразилиядағы қызығушылық пен пікірлер» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі және Флюминенсе Федералдық университеті жанындағы қазіргі заманғы шет тілдер орталығы бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

Конференция басында А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы және оның қазақ жазуын жасауға қосқан үлесі туралы ағылшын тіліндегі деректі фильм көрсетілді.

Бұл іс-шараға Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Рио-де-Жанейро штаты мен қаласы әкімшілігінің өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен қызметкерлері, Флюминенсе Федералдық университеті жанындағы Азиялық зерттеулер орталығының үйлестірушісі Екатерина Волкова, Азиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері Эдельсио Америко, университет студенттері және жергілікті БАҚ қатысты.

Іс-шараны ресми аша отырып, Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов жиналған қауымды ағартушы-ғалымның қазақ тілінің дамуына, қазақ жазуының тарихына сіңірген еңбектерімен, сондай-ақ А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесімен таныстырды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде елімізбен қазақ тілін дамыту бойынша бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпаратты жеткізді.

Өз сөзінде Эдельсио Америко Қазақ тілі мен әдебиетінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Абай еңбектерін португал тіліне аударудың авторы бола отырып, ол сөз сөйлеу техникасының бірегейлігі мен сұлулығын және қазақ тілінің философиялық сипатын атап өтті. Бразилиялық ғалым сонымен қатар қазақ тілінің семантикасының әртүрлілігіне және тілде көптеген синонимдердің болуына назар аударды, бұл өрнек мүмкіндіктерін байытады.

Бразилиялық қатысушылар қазақ жазуының тарихына үлкен қызығушылық танытып, А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті. Олардың пікірінше, түркі тілдері тобының өкілдерінің бірі ретінде қазақ тілін үйрену мүмкіндігі Қазақстан мен өңірдің басқа да елдерін кеңінен зерттеуге үлкен үлес қосады.

Сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет Флюминенсе Федералдық университетінің қазіргі заманғы шет тілдер орталығы жанынан Қазақ тілі мен Қазақстан курстарын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.