Қазақстан мен Чили ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстан мен Чили ынтымақтастыққа мүдделі

Сантьяго, 2022 жылғы 16 маусым – жұмыс сапары шеңберінде Қазақстанның Бразилиядағы және Аргентина мен Чилиді қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Чили Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты және Консулдық департаменттерінің директорлары Карлос Олгин мен Рикардо Ортиспен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екіжақты және көпжақты, оның ішінде БҰҰ, ЭЫДҰ және Тынық мұхиты альянсы шеңберіндегі тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту үшін ірі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Консулдық департамент басшылығымен кездесу барысында Чили тарапы қазақстандық азаматтар үшін визасыз режим туралы келісімге қол қоюға дайындықты жеделдетуді сұрады.