Қазақстан Республикасының Елшісі EXPONOR Chile 2022 көрмесінде болды

Қазақстан Республикасының Елшісі EXPONOR Chile 2022 көрмесінде болды

Антофагаста, 2022 жылғы 15 маусым – Чилиге жұмыс сапары шеңберінде Қазақстанның Бразилиядағы, Аргентина мен Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Оңтүстік Америка өңіріндегі тау-кен өндіру өнеркәсібінің «EXPONOR Chile 2022» ірі халықаралық көрмесінде болды.

Көрмеге пайдалы қазбаларды өндіруге және өңдеуге арналған жабдықтар, кен орындарын геологиялық барлау мен зерттеу технологиялары, бұрғылауға арналған жабдықтар, электротехникалық жабдықтар, көлік және конвейерлік жүйелер, арнайы техника, қосалқы жабдықтар мен жинақтауыштар, құралдар, Өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері, Бақылау-өлшеу жабдығы, қауіпсіздік технологиялары, бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б. қойылған.

Сонымен қатар, көрме алаңында Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов Антофагаста өңірінің өнеркәсіп Федерациясының Президенті Маркос Размиличпен, «Exponor 2022» көрмесінің Бас директоры Андреа Мореномен, сондай-ақ өңірлік қауымдастықтардың басшыларымен кездесті.