
Сантьяго, 2022 жылғы 14 маусым – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы, Аргентина мен Чилидегі қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Чили Сыртқы істер Бас хатшысы Алекс Ветцигпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең күн тәртібін талқылап, саяси диалогты кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың барлық кешенін іске асыруға күш салуға келісті. Тараптар 2023 жылы Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында бірлескен іс-шаралардың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті консультацияларының мерзімдерін келісу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.