Қазақстанның чилилік іскери топтармен ынтымақтастығы кеңейе түсуде

Қазақстанның чилилік іскери топтармен ынтымақтастығы кеңейе түсуде

Сантьяго, 2022 жылғы 13 маусым – Чилиге жұмыс сапары шеңберінде Қазақстанның Бразилиядағы, Аргентина мен Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Чилидегі жетекші "Codelco" компаниясының Вице-президенті Патрисио Вергарамен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында Чили компаниясының басшылығы Қазақстандағы тау-кен өндіру саласындағы мүмкіндіктермен таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Чили компаниясының басшылығын 2022 жылдың күзінде Алматыда өтетін "Mining and metals Central Asia" көрмесі аясында Қазақстанға келуге шақырды.

Өз кезегінде, Codelco Вице-президенті Патрисио Вергара ынтымақтастықты орнату перспективаларын жоғары бағалай отырып, компанияның көрмеге қатысуына және ынтымақтастық перспективаларын егжей-тегжейлі талқылау үшін қазақстандық компаниялармен екіжақты кездесулер өткізуге ниетін білдірді.

Codelco - 1966 жылы құрылған Чилидің жетекші мыс корпорациясы болып табылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша компанияның мыс өндірісі 1,7 млн.тоннаны құрады, бұл Codelco-ға әлемде бірінші орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Корпорацияның жыл сайынғы пайдасы 14 млрд. долларға жетеді. Чили экспортының 14% Codelco-ға тиесілі.