Білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

Білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

Бразилиа, 2022 жылғы 25 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Рио-Гранде-ду-Сул штатының Федералдық университетінің ректоры Карлос Мендеспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Бразилия қарым-қатынастарын нығайтудағы ғылыми-білім беру саласының маңыздылығы туралы пікір алмасты, сондай-ақ штаттың Бас университеті мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында, атап айтқанда, екі ел өңірлерінің бауырластық байланыстары шеңберінде академиялық және ғылыми алмасуды жолға қою перспективаларын талқылады.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны ү.ж. маусым айында Рио-Жанейродағы Флюминенсе Федералдық университеті жанындағы қазақ тілін оқыту және елтану жобасының іске қосылғаны туралы хабардар етіп, Рио-Гранде-ду-Сул штатының Федералдық университеті жанындағы осындай жобаны іске қосуды ұсынды.

Тараптар академиялық алмасу, лингвистика, сондай-ақ инженерлік пәндер саласындағы бірлескен жобаны әзірлеуге және келісуге келісті.