Қазақстан Бразилия өңірлерімен өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстан Бразилия өңірлерімен өзара іс-қимылды нығайтуда

Куритиба, 2022 жылғы 25 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Парана штатына жұмыс сапары барысында аймағы әкімшілігінің басшысы Жоао Карлос Ортегамен, салалық министрлер мен штаттың экономикалық бірлестіктер басшыларының қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және экономикалық реформалардың басымдықтары туралы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына наурыз Жолдауы мәнмәтінінде хабардар етті.

Келіссөздер барысында өңіраралық өзара іс-қимылды арттырудың басым бағыттары талқыланды. Парана штатының экономикалық өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризмі дамыған мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстанның штатпен АӨК, жаңартылатын энергетика саласындағы технологиялар, сондай-ақ өңірдің жетекші компанияларымен байланыс орнату арқылы сауда саласындағы өзара іс-қимылын кеңейтуді ұсынды.

Парана – Бразилиядағы ең бай бес штаттың бірі. Штатта ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, атап айтқанда қой шаруашылығы, сондай-ақ экотуризм дамыған. 2001 жылдан бастап штаттың өнеркәсіптік өндірісінде жыл сайын жоғары көрсеткіштер байқалады. Экономиканың негізгі өсімі автокөлік құралдарын өндіру есебінен жүреді. Сонымен қатар, кітап шығару және басып шығару, станоктар жасау және ағаш өңдеу экономиканың маңызды салалары болып табылады.