Қазақстанның Бразилия өңірлерімен ынтымақтастығы кеңеюде

Қазақстанның Бразилия өңірлерімен ынтымақтастығы кеңеюде

Фос-ду-Игуасу, 2022 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Парана штатына жұмыс сапары барысында «PTI» Фос-ду-Игуасу технологиялық паркінің бас директоры Эдуардо Кастаэйро Алвеспен кездесу өткізді.

Тараптар энергетика, технология, туризм және жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, ынтымақтастықтың ықтимал перспективалы бағыттарын талқылады.

Фос-ду-Игуасу Бразилия Парана штатындағы Аргентина Мен Парагвай шекараларының қиылысында орналасқан қала. Фос-ду-Игуасу экономикасының негізі-туризм (Игуасу ұлттық паркі және сарқырамалары), Итайпу гидроэлектростанциясы және Парагвай мен Аргентинамен «үш шекара» еркін экономикалық аймағында еркін сауда (Três Fronteiras).