Оңтүстік Американың жетекші қаржы орталығы Сан-Паулу қаласында Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері таныстырылды

Оңтүстік Американың жетекші қаржы орталығы Сан-Паулу қаласында Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері таныстырылды

Сан-Паулу, 2022 жылғы 18 сәуір – Оңтүстік Американың ірі қаржылық және өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Сан-Паулу қаласында экономиканың тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы және сауда – өнеркәсіп секторларында жұмыс істейтін 40-тан астам Бразилиялық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан: сауда және инвестициялық мүмкіндіктер» атты бірінші қазақстан-бразилия бизнес-форумы өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов жиналғандарды Қазақстанның Бразилиямен экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі және перспективаларымен таныстырып, агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі әлеуетке назар аударды. Дипломат сондай-ақ өткен жылы құрылған «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мен Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) теңтөрағалығымен құрылған Қазақстан-Бразилия Іскерлік комитетінің қызметі, сондай-ақ осы жылға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Елші бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін сенімді негіз болатын инвестициялар мен техникалық ынтымақтастық саласындағы келісімдерді келісу мен қол қоюды жеделдетудің шұғыл қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде, Бразилия Сыртқы істер министрлігінің Ресей және Орталық Азия департаментінің директоры Педро Терра қазақстандық делегацияны оңтүстік жарты шардың экономикалық орталығында қарсы алып, сауда-экономикалық екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін жоғары бағалап, Қазақстан мен Бразилияның қолда бар мүмкіндіктерін, сондай-ақ олардың өз өңірлеріндегі стратегиялық рөлін ескере отырып, оның одан әрі кеңеюіне үмітін білдірді. Бразилиялық дипломат өз Үкіметінің екі елдің экономикалық кооперациясын, оның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту және өзара сауданы әртараптандыруға барынша жәрдемдесуге және ынталандыруға дайын екендігіне сендірді.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Азамат Асқарұлы Қазақстанның сауда-экономикалық және көлік-логистикалық әлеуетіне кеңінен тоқталды, сондай-ақ күкірт пен тыңайтқыштарды қоса алғанда, жергілікті нарыққа экспорттауға арналған қазақстандық өнімдердің перспективалық тауарлық топтарын таныстырды. Бразилиядан қант қамысын, сондай-ақ басқа да өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest» ҰК өкілі Ғалымжан Матаев Қазақстанның инвестициялық саясаты, инвестициялық климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен әлеуетті инвесторлар үшін жаңа қолдау құралдары туралы хабардар етті, сондай-ақ бразилиялық компанияларға инвестициялық ұсыныстарды ұсынды.

«WEG» концернінің институционалдық қатынастар және маркетинг жөніндегі директоры Даниэль Годинье Қазақстанның қолда бар әлеуетін, мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі WEG қызметінің ағымдағы деңгейін жоғары бағалап, компанияның Қазақстанда одан әрі сервистік қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, энергетика және тау-кен өнеркәсібі саласындағы жоғары технологиялық жабдықтар өндірісінің толық циклін жолға қою мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді.

«Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Кассиано Перейра Виана соңғы жылдардағы елдер арасындағы өзара сауда-саттықтың даму үрдісі туралы егжей-тегжейлі айтып, қатысушыларды Қазақстанның сауда және транзиттік әлеуетімен таныстырды. Сонымен қатар, спикер жүргізілген талдау негізінде өз сөзінде жергілікті нарыққа экспорттау үшін Бразилияда аса сұранысқа ие болуы мүмкін қазақстандық өнімнің перспективалы тауар топтарын атап өтті.

Форум барысында тауар айналымын және инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында екі елдің бизнес кооперациясын кеңейтудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктеріне қатысты дискусия және пікір алмасу болды. Іс-шараға өңірлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі Бразилия Штаттарының іскерлік топтарының өкілдері де қатысты.

Генеральный директор Центра развития торговой политики «QazTrade» Азамат Аскарулы подробно остановился на торгово-экономическом и транспортно-логистическом потенциале Казахстана, а также презентовал перспективные товарные группы казахстанскойй продукции для экспорта на местный рынок, среди которых сера и удобрения. Особое внимание было уделено возможности закупа сахарного тростника из Бразилии, а также другой продукции.

В ходе мероприятия представитель НК «Kazakh Invest» Галымжан Матаев информировал об инвестиционной политике Казахстана, принимаемых мерах по улучшению инвестиционного климата и новых инструментах поддержки для потенциальных инвесторов, а также представил инвестиционные предложения для бразильских компаний.

Директор по институциональным отношениям и маркетингу концерна «WEG» Даниэль Годинье, высоко оценив имеющийся потенциал Казахстана, меры государственной поддержки, а также текущий уровень деятельности WEG в центральноазиатском регионе, заявил о том, что компания рассматривает возможность налаживания в Казахстане полного цикла производства высокотехнологичного оборудования в области энергетики и горнорудной промышленности с дальнейшим оказанием сервисной поддержки.

Президент Торгово-промышленной палаты «Бразилия-Казахстан» Кассиано Перейра Виана, детально рассказав о тенденции развития взаимной между странами торговли за последние годы, ознакомил участников с торговым и транзитным потенциалом Казахстана. Одновременно спикер на основе проведенного анализа, выделил в своем выступлении перспективные товарные группы казахстанской продукции для экспорта на местный рынок, которые могли бы быть весьма востребованы в Бразилии.

В ходе форума состоялись дискусия и обмен мнениями относительно новых путей и возможностей расширения бизнес кооперации двух стран с целью увеличения товарооборота и инвестиционной активности. В мероприятии приняли участие представители деловых кругов бразильских штатов, которые также заинтересованы в развитии регионального сотрудничества.