
Бразилиа, 2022 жылғы 12 сәуір – Елші Болат Нүсіпов танымал бразилиялық мультимедиялық суретші және мүсінші Дарлан Мануэль Розамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, атап айтқанда, Бразилияда қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде Бразилияның көрнекті мәдениет қайраткері жақында Абайдың шығармашылығымен танысып, оның португал тіліне аударылған "Қара сөздері" кітабын оқығаннан кейін, қазақ ақынының философиясы мен даналығының кеңдігіне таң қалғанын айтты. Сондықтан ол Абайдың бейнесін өзінің көркемдік стилі мен орындауында жасау туралы ойға келді. Осы мақсатта Дарлан Роза өзінің болашақ жобасының эскиздерін әзірлеуге кірісуге ниетті, оны келесі кездесу барысында таныстыруды жоспарлап отыр.
Анықтама: Дарлан Мануэль Роза Бразилия астанасында 54 қоғамдық мүсін жасап, жойды, олардың ішіндегі ең маңыздылары Ж.Кубитчек мемориалының, СІМ және Парламент ғимараттарының алдындағы инсталяциялар, сондай-ақ «Banco do Brasil» мәдени орталығында.
Оның жұмыстары Бразилияның ірі қалаларында орнатылды: Форталеза, Сальвадор, Кампу Гранде, Сан-Паулу және Коромандель, сонымен қатар шетелде кеңінен танымал: Франция, Сальвадор, Иордания, Палестина, Германия, Канада, Куба және Мозамбик.