
Бразилия, 2022 жылғы 22 наурыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде бразилиялық БАҚ өкілдері үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауының таныстыруы бойынша баспасөз брифингі өтті.
Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде Жолдаудың елімізді ауқымды түрлендірудің бастау нүктесі болып табылатынына және «Жаңа Қазақстан» құрылысының бастауы екендігіне тоқталып, саяси реформалар бағдарламасының негізгі аспектілеріне тоқталды. Бұл маңызды реформалар өмірдің барлық дерлік салаларын қамтиды, сондай-ақ мемлекет пен қоғамды жүйелі жаңғыртуға азаматтардың барлық санаттарын тартуды күшейтуге бағытталған.
Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасын және әлемдегі күрделі геосаяси ахуалдың теріс салдарын еңсеруге бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық шараларды ұсынғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі биыл Қазақстанда қазақ жазуының дамуына зор үлес қосқан ағартушысы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы тойланып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Елші Рио-де-Жанейродағы Флуминенсе университетінде осы айтулы оқиғаға орайластырылатын қазақ тілі курстарын ашу жоспарлары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде бразилиялық сарапшылар елді одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын Қазақстанның жаңа саяси бағдарламасына үлкен қызығушылық танытып, реформаларды жүзеге асыруда сәттілік тілеп, шараның ұйымдастырылуына ризашылықтарын білдірді.