
Бразилиа, 2022 жылғы 9 наурыз – Қазақстанның Бразилиадағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия астанасындағы Рио-Гранде-де-Сул мемлекеттік кеңсесіне барып, Федерация және халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Ана Амелия Лемоспен кездесті.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Рио-Гранде-де-Сул штаты арасындағы сауда-экономикалық, транзиттік, көліктік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. Тараптар елдер арасындағы аймақтық байланыстарды кеңейтуге, сонымен өңірлердің сауда саласындағы бар әлеуетін пайдалануға дайын екендіктерін растады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісінің Бразилия штатына алдағы жұмыс сапарының мазмұнды аспектілерін де талқыланды.