Қазақстан мен Бразилия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетілген

Қазақстан мен Бразилия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары көрсетілген

Бразилиа, 2022 жылғы 19 қаңтар – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Денсаулық сақтау министрі Марсело Кейрогамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін және денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресу және эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Сондай-ақ вакцинация паспорттарын өзара тану және QazVac вакцинасын Бразилияда тіркеу мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында, әсіресе, коронавирустық пандемия жағдайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы пен Бразилияның денсаулықты қадағалау ұлттық агенттігі (ANVISA) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндігі қарастырылған.