
Буэнос-Айрес, 2021 жылғы 15 желтоқсан – Аргентинаға жұмыс сапары барысында Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов аргентиналық компаниялардың басшыларымен кездесті.
«Aysa Agua Saneamientos Argentinis S.A.» компаниясының басқарушы директоры Гонсало Мешенгиссермен келіссөздер барысында суды тазарту және сумен жабдықтау технологиялары саласындағы ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды. «Biosidus S.A.» компаниясының басқарушы директоры Гилермо Мартин Баттолламен кездесуде биотехнология және фармацевтика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша алмасу болды. Тараптар басталған диалогты жалғастыруға және өзара сапарларды ұйымдастыруға келісті.