Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Парагвай мен Боливия Eлшіліктеріне кіріп шықты

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Парагвай мен Боливия Eлшіліктеріне кіріп шықты

Бразилиа, 2021 жылғы 7 желтоқсан – Бразилияда аккредиттелген бірқатар Оңтүстік Америка елдерінің дипломатиялық миссияларымен достық байланыстар орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Парагвай Елшісі Хуан Ангель Дельгадильо және Боливияның Уақытша Сенімді Өкілі Фалег Вальдес Копаспен екіжақты кездесулер өткізді.

Аталған кездесулер барысында Қазақстан мен өңірдің жоғарыда аталған мемлекеттері арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық қатынастардың және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды. Тараптар көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылды, екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға, өзара сапарларды ұйымдастыруға, сондай-ақ алдағы жылы бірлескен іс-шаралар өткізуге өзара мүдделілікті атап өтті. Дипломатиялық өкілдіктер деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.