
Бразилиа, 2021 жылғы 3 желтоқсан – Бразилияда аккредиттелген бірқатар Оңтүстік Америка елдерінің дипломатиялық миссияларымен достық байланыстар орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Эквадор Елшісі Карлос Веластеги, Чили Елшісі Фернандо Шмидт және Уругвай Елшісі Гилермо Вайеспен екіжақты кездесулер өткізді. Аталған кездесулер барысында Қазақстан мен өңірдің жоғарыда аталған мемлекеттері арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық қатынастардың және мәдени–гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері талқыланды. Тараптар көпжақты форматтағы табысты өзара іс-қимылды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға, өз елдері іскер топтарының өзара сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ алдағы жылы бірлескен экономикалық іс-шаралар өткізуге өзара мүдделілікті атап өтті. Дипломатиялық өкілдіктер деңгейінде тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі еліміздің оңтүстік Америка өңіріндегі жалғыз дипломатиялық өкілдігі болып табылады және ресми түрде Аргентина мен Чилиде аккредиттелген. Сонымен қатар, біздің Елшіліктің жауапкершілік аймағына Боливия, Колумбия, Перу, Парагвай, Уругвай және Эквадор сияқты елдермен ынтымақтастық кіреді. Қазақстанның Құрметті консулдықтары қазіргі уақытта Аргентина, Бразилия, Колумбия, Парагвай және Перуда жұмыс істейді.