Алмас Айдаров Бразилия Федеративтік Республикасы Экономика министрінің орынбасары Кайо Марио Паес де Андрадемен кездесу өткізді

Алмас Айдаров Бразилия Федеративтік Республикасы Экономика министрінің орынбасары Кайо Марио Паес де Андрадемен кездесу өткізді

Бразилиа, 2021 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың Бразилия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары шеңберінде оның экономика министрінің орынбасары Кайо Марио Паес де Андрадемен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы мәртебесін және өзара сауда номенклатурасының көлемін ұлғайту және әртараптандыру, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен екі елдің қолда бар әлеуетін ескере отырып, оны ұлғайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ, тараптар екі елдің тауарларды жеткізудің көліктік-транзиттік әлеуетін талқылады.

Алмас Айдаров екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның оны тереңдетуге, атап айтқанда, өзара сауда, ауыл шаруашылығы, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ еліміздің экономикасына Бразилиялық инвестицияларды тартуға мүдделілігін атап өтті. Қазақстандық дипломат сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрылғаны туралы хабардар етті және Бразилияның экономикалық министрлігін тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

Өз кезегінде, Кайо Марио Паес де Андраде экономикалық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып, екі елдің экспорттаушыларын жергілікті нарықтарға шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары және Бразилия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары деңгейінде сауда және экономика саласындағы жұмыс тобының, сондай-ақ "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығының және Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) бірлескен төрағалығымен іскерлік комитеттің құрылуын құптады.