Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың Бразилияның жетекші "TV Supren" телеарнасына берген сұхбаты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың Бразилияның жетекші "TV Supren" телеарнасына берген сұхбаты

Бразилиа, 2021 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Бразилия Планетарлық одағының Президенті, бразилиялық "TV-Supren" телеарнасының басшысы Улисис Ридель дэ Ресенде интерью берді.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктері туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ол Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында саяси реформалардың сәтті жүзеге асырылуы туралы баяндады. Сонымен қатар, А.Айдаров арнаны Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдің халықаралық экономикалық рейтингтері және Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы хабардар етті.

Улисис Ридель Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына таңдана қарайтынын және оның ұлтаралық бірлікке, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың жаһандық процесіне, ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.