Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Бразилия Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сауда мен инвестицияларды ынталандыру агенттігінің (Apex-Brasil) Президенті Аугусто Пестанамен кездесті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Бразилия Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сауда мен инвестицияларды ынталандыру агенттігінің (Apex-Brasil) Президенті Аугусто Пестанамен кездесті.

Бразилиа, 2021 жылғы 24 қараша – Бразилия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сауда мен инвестицияларды ынталандыру агенттігінің (Apex-Brasil) Президенті Аугусто Пестанамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы мәртебесін талқылап, оны кеңейтуге, оның ішінде тау-кен өндіру саласы мен АӨК-ні кеңейтуге мүдделілік білдірді. Apex-Brasil компаниясының Қазақстандық «Kazakh Invest» және «Qaztrade» компанияларымен өзара іс-қимылын жандандыруға, сондай-ақ Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің бастамасы бойынша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы мен Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) төрағалығымен құрылған Қазақстан-Бразилия іскерлік комитетінің алаңында басты назар аударылды.

Өз кезегінде Apex-Brasil басшысы Аугусто Пестана екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру перспективаларын жоғары бағалай отырып, экономикалық сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізуді қоса алғанда, кез келген жәрдем көрсетуге дайын екендігі туралы баяндады. Тараптар өзара инвестициялар мен тауар айналымының көлемін ұлғайту мақсатында күш-жігерін жалғастыруға келісті.

Бразилияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы Бразилияның сауда және инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі агенттігі (Apex-Brasil) 2003 жылы Бразилия өнімдері мен қызметтерін шетелде ілгерілету, инвестицияларды тарту және ілгерілету мақсатында құрылған.

Қазіргі уақытта тараптар 2022 жылы бірлескен бизнес-форум өткізу мүмкіндігін талқылауда.