Қазақстан мен Бразилия арасындағы іскерлік ынтымақтастық кеңейіп келеді

Қазақстан мен Бразилия арасындағы іскерлік ынтымақтастық кеңейіп келеді

Бразилиa, 2021 жылғы 10 қараша – Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов 700 000 жергілікті бизнесі бар елдегі ең ірі қауымдастық – Бразилия Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) атқарушы директоры Глауко Хосе Кортемен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін талқылап, оны, атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, энергетика және сауда салаларында кеңейтуге мүдделілік танытты.

Осы тұрғыда, сондай-ақ «QazIndustry» Қазақ индустрия және экспорт орталығы мен Бразилияның Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының тең төрағалығымен өтетін Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің алдағы бірінші отырысына дайындық барысы жан-жақты талқыланды. бұл екі елдің кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту және кеңейту болмақ. Бұл шара Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың ағымдағы жылдың қараша айында Бразилияға сапары аясында жоспарланған.