
Бразилия, 2021 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде Бразилия Парламенті палаталарының депутаттарымен Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге байланысты кездесу өтті.
Іс-шараға депутаттық корпус өкілдерімен қатар Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Марсия Доннер Абреу, Бразилия Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, елдің іскер топтарының өкілдері, сондай-ақ журналистер қатысты.
Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов еліміздің негізгі жетістіктері туралы хабардар етіп, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетінін атап өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның Бразилиялық қатысушылары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына үлкен қызығушылық танытып, елдегі саяси және экономикалық реформалардың қайтымсыздығын атап өтті. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары саясатта, экономикада, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың табысты моделін қалыптастыруда, сондай-ақ сындарлы сыртқы саясатты жүргізуде елеулі табыстарға қол жеткізгені атап өтілді.