
Бразилия, 2021 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде Бразилия БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Іс -шара басында Бразилияның «TV Supren» телеарнасы Елшіліктің қолдауымен дайындалған Семей ядролық полигонының жабылғанына
30 жыл толуына арналған деректі фильмнің премьерасы өтті. Телеарна осы фильмді ағымдағы жылдың 26-31 тамыз аралығында Бразилияда көрсетеді.
Фильмді Елшіліктің YouTube арнасынан да көруге болады (сілтеме: https://youtu.be/BI1GWXoBtxg).
Өз сөзінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі негізгі жетістіктері туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөліне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Елбасының стратегиялық бастамасының арқасында 1991 жылғы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлық шығарылғаны атап өтілді. Қазақстан Республикасы өз аумағында өлімге әкелетін ядролық полигонды жауып, жаппай қырып-жою қаруынан өз еркімен бас тартқан әлемдік тарихтағы бірінші ел болды. БҰҰ
29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады, ал Орталық Азия өңірі ядролық қарудан азат кеңістікке айналды.