Қазақстан мен Бразилияның парламентаралық өзара іс-қимылы кеңеюде

Қазақстан мен Бразилияның парламентаралық өзара іс-қимылы кеңеюде

Бразилиа, 2021 жылғы 18 тамыз - Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ұлттық конгресінің сенаторы – бұрынғы Президенті Фернанду Афонсу Колор ди Мелумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы негізгі жетістіктерімен және елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, сондай-ақ парламентаралық диалогты дамыту екі ел арасындағы саяси қатынастардың басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, тараптар үстіміздегі жылдың күзінде өткізуді жоспарланып отырған екі ел парламенттерінің достық топтарының бірлескен отырысын ұйымдастыруды талқылады.

Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін қозғады.

Өз кезегінде Сенатор Қазақстанның реформалары мен жетістіктеріне жоғары баға беріп, сауда-экономикалық, мәдени және ғылыми-білім беру салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендіктерін айтты.