
Бразилия, 2021 ж. 9 тамыз - Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Федеративтік Республикасының Білім министрі Милтон Рибейрамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны кеңейтуге, атап айтқанда, студенттер алмасу үшін екі елдің жоғары оқу орындары арасында өзара тікелей әрекеттестік орнатуға қызығушылық білдірді.
Қазақстан елшісі бірлескен жобаларды іске асыру мен академиялық тәжірибе алмасу үшін тиісті құқықтық және институционалдық негіз құру үшін білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісімге қол қоюды пысықтауды ұсынды.
Өз кезегінде Білім министрі біздің елдер арасындағы қарым -қатынасты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін тиісті келісімге қол қою идеясын қолдады.
Тараптар диалогты жалғастыруды және қол жеткізілген келісімдердің орындалуын талқылау үшін екі елдің мүдделі органдарының қатысуымен бейнеконференция ұйымдастыруды жақтады.