
Бразилиа, 12 мамыр 2021 – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Тау-кен және энергетика министрі Бенто Альбукеркемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және екі елдің әлеуетін ескере отырып, тау-кен және энергетика саласындағы, оның ішінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және биоэнергияны дамыту тұрғысында, ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Министр өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын жоғары бағалай отырып, қазақстандық тарапқа бірлескен жобалар арқылы тау-кен және көлік салаларында белсенді ынтымақтастық үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар, келіссөздердің күн тәртібіне экономика саласындағы Үкіметаралық комиссия, екі елдің компаниялары арасында Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ мамандандырылған бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері кірді.